QAZLOSTАдам жоғалғанда

QAZLOST

Құпиялық

QazLost-тың ашық бөлігінде қандай мәліметтер қолданылатыны және жадынамадағы белгілердің қалай сақталатыны туралы.

Адам жоғалғаны туралы арыз

Сайттың ашық бөлігінде арыз қабылдау, құжат жүктеу немесе жеке хабарлама жіберу формасы жоқ. Іздеу өрістеріне жеке деректерді енгізбеңіз. Адам жоғалғаны туралы арыз полицияға беріледі.

Сайттан іздеу

Іздеу сұрауы мен таңдалған сүзгілер серверге беттің мекенжайы арқылы жіберіледі. Олар браузер тарихында және сервердің техникалық журналдарында сақталуы мүмкін. Бұл өрістерді адам туралы жеке мәлімет жіберу үшін емес, материалдар мен анықтамалық жазбаларды іздеу үшін пайдаланыңыз.

Жадынамадағы белгілер

Жадынама тек орындалған қадамдардың белгілерін браузердің жергілікті жадында сақтайды. Олар QazLost серверіне жіберілмейді. «Белгілерді өшіру» түймесі оларды жояды. Ортақ құрылғыда белгілер келесі пайдаланушыға көрінуі мүмкін.

Сілтемелер мен виджеттер

Сыртқы сайттар оларға барғаныңыз туралы мәліметті өз ережелері бойынша өңдейді. Басқа сайтқа орнатылған виджет QazLost-тың ашық лентасына сұрау жібереді. Ол сыртқы сайт беттерінің мазмұнын немесе сол беттерге енгізілген мәліметтерді қажет етпейді.

Картографиялық қабат

Карта беттерінде браузер OpenStreetMap серверінен көрініп тұрған карта бөліктерін тікелей жүктейді. Сұрауларда IP-мекенжайы мен сұралған бөліктердің координаттары беріледі; Referer тақырыбы тек сайттың мекенжайын қамтиды. QazLost келушінің геолокациясын алмайды, оған дәл координаттарды жібермейді және бұл сұрауларды аналитика үшін пайдаланбайды. Картографиялық қабатқа OpenStreetMap ережелері қолданылады.

OpenStreetMap қабатын пайдалану ережелері

Жылдам шығу

«Жылдам шығу» сілтемесі бос бетті ашады, бірақ қарау тарихын, жүктелген файлдарды және браузерде сақталған деректерді жоймайды.