QAZLOSTАдам жоғалғанда

QAZLOST

Жақынын іздеген адамға көмектесу

Аудиторияңызға қиын сәтте қажет болатын көмек телефондарын және алғашқы әрекеттер ретін қолжетімді етіңіз.

Редакциялар мен авторларға

Адамның жоғалғаны туралы материалға QazLost жадынамасының сілтемесін және 102 нөмірін қосыңыз. Расталған мәлімет пен болжамды ажыратыңыз. Бастапқы хабарландыруға сілтеме оқырманға іздеудің жалғасып жатқанын тексеруге көмектеседі.

Ұйымдар мен қауымдастықтарға

Көмек телефондары мен алғашқы әрекеттерге сілтемені пайдалы байланыстар бөліміне, ата-аналар жадынамасына немесе қауымдастық хабарламасына қосыңыз. Нақты адам туралы мәліметті полицияға беріңіз; ашық пікірлерде жинамаңыз.

Сайт иелеріне

QazLost виджеті ашық лентадағы хабарландыруларды көрсетуге арналған. Қазір жарияланған хабарландыру жоқ: виджет бұл туралы хабарлайды. Орнату мен баптау жолдары бөлек нұсқаулықта берілген.

Виджетті орнату

Ақпарат таратқанда

Дереккөзге сілтемені сақтап, қайта жариялар алдында ақпараттың өзектілігін тексеріңіз. Мекенжай, құжат нөмірлері, жеке хат алмасу мен адам туралы болжамдарды қоспаңыз. Бастапқы хабарландыру алынса, өз көшірмеңізді де жаңартыңыз немесе жойыңыз.

Неден бастауға болады

«Не істеу керек» жадынамасын бөлісіңіз немесе сайтыңызға виджет орнатыңыз. Жадынамаға сілтеме беру үшін тіркелу қажет емес.